Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілді

viewings icon 1633 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрлан Нығматулин Нұрлан Нығматулин

ОСК Мәжіліс депутаты Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ОСК Мәжіліс депутаты Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының сайтында жарияланған қаулыға сәйкес, өтініш беруіне байланысты Мәжіліс депутаты Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған.

ОСК депутат Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысты Мәжіліске енгізу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, Нұрлан Нығматулин 1962 жылы 31 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 

Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдарының докторы. Институтты бітіргеннен кейін "Қарағандыоблгаз" өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген.

1985-1990 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы.

1990-1993 жылдары - Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы.

1993-1995 жылдары - "Тенгри" қазақ-америкалық бірлескен кәсіпорынның президенті.

1995-1999 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

1999-2002 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2004 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.

2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2006-2009 жылдар аралығында - Қарағанды облысының әкімі.

2009-2012 жылдар аралығында - Nur Otan Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

2012 жылғы 20 қаңтар - 2014 жылғы 3 сәуір аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Nur Otan Халықтық Демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі.

2014 жылғы 3 сәуір - 2016 жылғы 21 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарды.

2016 жылғы 22 маусымнан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып бірауыздан сайланды, Nur Otan партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2019 жылғы 22 тамызнан - Nur Otan Партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі.

2021 жылғы 14 қантардан - Nur Otan Партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі.

2021 жылғы 15 қантардан - жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып бірауыздан сайланды.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев", "Құрмет", II дәрежелі "Барыс" ордендерімен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю