Нұрлан Қаппаровтың денесі Қазақстанға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Қаппаровтың денесі Қазақстанға жеткізілді Нұрлан Қаппаров. ©Yk-news.kz

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының қайтыс болған басшысы Нұрлан Қаппаровтың денесі Алматағы жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының қайтыс болған басшысы Нұрлан Қаппаровтың денесі Алматағы жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Марқұмның денесі Пекиннен арнайы рейспен жеткізілді. Борт Алматыға шамамен таңғы уақыт 5.30-да келді. Алдын ала мәлімет бойынша, қоштасу рәсімі 28 наурызда Алматыда өтеді, қай уақытта және қай жерде екені әзірше анықталу үстінде.

Осыған дейін ҚР СІМ баспасөз қызметі 26 наурызда Пекин уақыты бойынша 14.30-да "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаровтың Қытайда қайтыс болғанын хабарлады. Оның жүрегі тоқтап қалған. 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Қаппаровтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. "Нұрлан Қаппаров өзінің мол білімі мен тәжірибесін әрдайым еліміздің өсіп-өркендеуіне жұмсаған дарынды ұйымдастырушы болды. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды", - делінген еді Мемлекет басшысының жеделхатында.

Нұрлан Қаппаров 1970 жылы 30 наурызда Алматыда дүниеге келген. Ол әр жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі қызметтерін атқарған. 2014 жылдың 7 тамызынан бері "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясын басқарып келді. 2015 жылдың 30 наурызында Нұрлан Қаппаров 45 жасқа толар еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети