"Нұрлан Сабуров пен Тина Канделаки" арасындағы жанжал: сарапшы аудиожазбаны тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұрлан Сабуров пен Тина Канделаки" арасындағы жанжал: сарапшы аудиожазбаны тексерді видео кадры, фото: instagram.com/tina_kandelaki

Желіде әзілкеш Нұрлан Сабуров пен журналист Тина Канделакидің арасындағы телефон арқылы сөйлескен аудиожазба тарап жатыр. Әңгіме барысында Канделаки "өзіне және Ресейге жағымды" пікір білдіруді талап етеді. Сарапшыдан бұл жазбаның растығына баға беруді сұрадық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нейрожелілер саласындағы сарапшы, AI саласындағы практикалық профессор Айдын Маутхан видеоның фейк екені анық деп атады.

"Әрине, бұл - фейк. Бірнеше нейрожелілер бар: Heygen, Elevenlabs – олардың көмегімен бір минут ішінде кез келген дауысты "клондап" және кез келген әңгімені құрастыра аласыз. Қазіргі уақытта көптеген елде жасанды интеллект көмегімен жасалған кез келген контент арнайы белгімен белгіленетін заңнама әзірленіп жатқанын білемін. Егер ол жоқ болса, онда адамға нақты қылмыстық жаза тағайындалуы мүмкін. Менің білуімше, осыған ұқсас мәселе біздің парламентте де талқыланды", - деді Маутхан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети