Астанада әлемнің 15 елінен 20 000-нан астам адам жиналған Digital Bridge-2023 халықаралық технологиялық форумы өтті. Жылдың басты digital іс-шарасына мемлекет басшысы қатысты. Көрме стендтерінде Қасым-Жомарт Кемелұлына қазақстандық кәсіпкерлер, оның ішінде Mycar.kz экожүйесінің негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов цифрлық жобаларын ұсынды.
Астанада әлемнің 15 елінен 20 000-нан астам адам жиналған Digital Bridge-2023 халықаралық технологиялық форумы өтті. Жылдың басты digital іс-шарасына мемлекет басшысы қатысты. Көрме стендтерінде Қасым-Жомарт Кемелұлына қазақстандық кәсіпкерлер, оның ішінде Mycar.kz экожүйесінің негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов цифрлық жобаларын ұсынды.
Mycar.kz жобасы бастапқыда стихиялы нарықтарға өркениетті балама негізінде, жүрілген автокөліктерге арналған «автокөлік сауда орталықтарының» желісі ретінде ойластырылған. Алайда, бірте-бірте мультибрендтік автоорталықтары арқылы жаңа және жүрілген автокөліктерді сатып алу және сату қызметтерін, Mycar.kz суперқосымшасы мен онлайн автодилерін, Mycar Finance микроқаржы ұйымын, Mycredit несие брокерін, Mycar Pro автоорталықтарының бизнес-процестерін автоматтандыру жүйесін қамтитын толыққанды экожүйеге айналды.
Mycar Astana мультибрендтік автоорталығы
Mycar Almaty мультибрендтік автоорталығы
Mycar.kz 2022 жылы автокөліктерді онлайн сатуды іске қосып, оларды сатып алу-сатудың күрделі процесін автоматтандырды және оны клиент, мемлекет пен бизнес үшін жылдам, әрі ашық етті. Енді клиент көлікті таңдап, оны онлайн рәсімдей алады және нөмірлік белгілері мен техникалық төлқұжатымен бірге үйіне дейін жеткізілген көлігін ала алады. Мұндай нәтижеге бизнесті мемлекеттік базалармен: ЦДИАӨМ, ІІМ, Digital ID, e-GOV, e-Notary интеграциялаудың арқасында қол жеткізілді.
Қосымшада пайдаланушылар сату туралы хабарландыруларын орналастыра алады, көліктің меншік тарихы мен техникалық байқаудың жарамдылығын көре алады. Сондай-ақ жүйе дәстүрлі маркетплейс ретінде сатып алу үшін бонустарды береді. Қазіргі уақытта қосымшаны 1 миллионнан астам адам жүктеп, онда 873 мың қолданушы тіркелген.
«Барлығы қосымшаны қуана пайдалануда, бұл тез, әрі ыңғайлы. Біз де көлікті онлайн сатып алу-сату арқылы цифрландыруға өз үлесімізді қосуды шештік. Біз бәрін ұсақ-түйекке дейін білеміз, сондықтан процесті толығымен онлайн режимге өткізіп, рәсімдеу уақытын 12 есе қысқарттық. Енді Mycar.kz сервисі арқылы небәрі 10 минутта көлік сатып алуға немесе сатуға болады», - деді Нұрлан Смағұлов таныстырылымда.
2023 жылдың мамыр айында Mycar.kz қызметтер тізімін кеңейтіп, Mycredit несие брокерін іске қосты. Цифрлық брокер пайдаланушыларды сегіз серіктес банктің несиелік өнімдерімен таныстырады, сонымен қатар, барлық ұсыныстардың ішінен ең тиімді несиені таңдау үшін барлық банктер бойынша бір мезетте несиелік өтінімді «іске қосуға» мүмкіндік береді.
Компания Mycar-ды Қазақстан бойынша франчайзинг желісін дамыту арқылы кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл өңірлердегі пайдаланушыларды брендтің цифрлық өнімдерімен таныстырып қана қоймай, ШОБ-тың дамуына да септігін тигізеді. Бүгінгі таңда компания Орал, Ақтау және Қызылорда қалаларындағы 3 франшизаға жетекшілік етеді, бірақ 2026 жылға қарай 30-дан астам ШОБ субъектісін франчайзингпен қамтуды жоспарлап отыр.
Президент Mycar жобасына қызығушылық танытып, компанияның франшизаны Қазақстан өңірлеріне тарату жоспарын қолдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!