Нұрлан Ұранхаев Абай ауданының жаңа әкімін таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Ұранхаев Абай ауданының жаңа әкімін таныстырды

Бүгін Абай ауданының активімен кездесуде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев алғашқы рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы нәтижесінде сайланған ауданның жаңа басшысын таныстырды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Абай ауданының активімен кездесуде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев алғашқы рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы нәтижесінде сайланған ауданның жаңа басшысын таныстырды.

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес ауданының аумақтық сайлау комиссиясының шешімінің негізінде Мейіржан Серікбосынұлы Смағұлов Абай ауданының әкімі лауазымына сайланды.

Мейіржан Серікбосынұлы еңбек жолын бас маман болып бастап, мемлекеттік қызметтің барлық баспалдағын кезең-кезеңімен өтті. Ауылдық округ әкімі болды, кейіннен аудан әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев өткен сайлау демократиялық, әлеуметтік-құқықтық даму бағытын таңдаған ел дамуының жаңа кезеңін көрсететінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ жаңа басшыны құттықтап, қызметіне табыс тіледі.

"Бұл - демократиялық, әлеуметтік, құқықтық бағытты таңдап алған еліміз үшін, дамудың жаңа кезеңі екені сөзсіз. Күні кеше, 5 қарашада ел тарихында алғаш рет, 45 өңірінде әкімдер сайлауы өтті. Олардың қатарында, Абай елінің болуы да заңды құбылыс деп есептеймін! Көпке үлгі болған, қасиетті өңір, өзінің саяси мәдениетін көрсетіп, таңдауын жасады. Осы орайда, сайлаудың жоғары дәрежеде өтуіне тікелей, септігін тигізген барша аудан тұрғындарына ризашылығым мен алғысымды білдіремін!", - деді облыс әкімі.

Жиын барысында Нұрлан Ұранхаев ауданның бұрынғы әкіміне еңбегі мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да өңірдегі жұмысын жалғастыратынын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материал Абай облысы әкімдігімен ұсынған
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети