"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ОҚО-да бес мектептің құрылысы жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ОҚО-да бес мектептің құрылысы жүріп жатыр Сурет баспасөз қызметінен

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең алдымен, аймақ басшысы "Ақжайық" шағын ауданындағы №59 жалпы орта мектептің қосымша құрылысын аралап көрді. 600 орындық білім ошағы жоспар бойынша 2017 жылы пайдалануға беріледі. Мұнан соң, Жансейіт Қансейітұлы бастаған жұмысшы топ "Қайнар-бұлақ" саяжайындағы 1200 орындық мектептің құрылысымен танысты. 

Нысанның сапасын қадағалаған аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтап, онда қолданылатын құрылыс заттарының баланың денсаулығына зиянсыз болуы қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, әкім өңірімізде әлеуметтік нысандарды салу жұмыстарына кәсіпкерлерді көптеп тартып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керектігіне тоқталды. Жекеменшік ғимараттары бар азаматтарға "Балапан" бағдарламасының екінші деңгейі бойынша шағын балабақшалар ашуға мүмкіндік жасау керектігін айтты. 

Айта кету керек, облыс бойынша 63 мектептің іргетасы қалануда. Оның 37-і бүгінгі күнге дейін пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы да бірқатар нысандар ел игіліне тапсырылады деп күтілуде. Нысандардың басым бөлігі, Сайрам, Шымкент, Мақтарал және Қазығұрт аудандарынан бой көтеруде.

Ал "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында бес мектептің құрылысы жүруде. Оның төртеуі 1200 орындық білім ошағы болса, біреуі 600 балаға шақталған жалпы мектеп болып табылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети