27 қаңтар 2015 | 15:58

"Нұрлы жол" бағдарламасына партия мен кәсіпкерлердің қолдауы қажет - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Бауыржан Байбек. ©akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев пен Бауыржан Байбек. ©akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы партияның Кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен тығыз байланыста жұмыс істеуі керектігін атап өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы партияның Кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен тығыз байланыста жұмыс істеуі керектігін атап өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев инфрақұрылымды сапалы дамыту, жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан ілкімді қолдау көрсету "Нұрлы жол" бағдарламасының міндеттеріне кіретінін айтты. "Кәсіпкерлер несиемен қамтамасыз етілуде, бизнес ашуға жағдай жасалып, тексерулер саны азаюда. Барлық кедергілер жойылуда. Жалпы, кәсіпкерлік Индустриялық-инновациялық даму, "Нұрлы жол" бағдарламалары, жол және баспана құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртулар арқылы ұсынылатын мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс. Егер партия Кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен осы бағытта тығыз ықпалдасатын болса, қажетті нәтижелерге қол жетеді. Экономиканы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеу қажет", – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол" бағдарламасының әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстарға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталғанын атап өтті. "Бұл бағдарлама партияның қолдауы аясында жүзеге асырылатын болады, өйткені оның беделі бар, бүкіл еліміз бойынша көптеген адамдар партия сапында тұр. "Нұрлы жолды" қабылдау – елдің болашақ дамуы мен халықтың игілігі үшін зор мәні бар маңызды шара. Осыған байланысты партия бастауыш ұйымдарға сүйене отырып, халыққа түсіндіру жұмыстарына ден қоюы тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

Бауыржан Байбек "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыру ісіне партияның қатысуы туралы баяндады. Ол Президентке партия мүшелері бағдарламаны табысты орындау үшін бар күш-жігерін жұмылдыратынын айтты."Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Мәжілістегі және мәслихаттардағы партия фракцияларында "Нұрлы Жол" бағдарламасының орындалуы мен Ұлттық қор қаржысының пайдаланылуын қадағалайтын 4 комиссия құрылды", – деді партия төрағасының бірінші орынбасары. Байбек Мемлекет басшысына партия қызметін жетілдіру және қайта қалыптау жұмыстарының нәтижесі туралы да айтты. Партияның сайлауалды тұғырнамасындағы міндеттемелерінің іс жүзінде 70 пайызға жуығы орындалғанына тоқталған ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасының бекітілгенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети