03 наурыз 2014 15:50

Нұрсұлтан Назарбаев 11 наурызда Ресейге барады

Н.Назарбаев пен В.Путин фото Тengrinews.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 11 наурызда жұмыс сапарымен Ресейге барады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОКҚ өкілі Алтай Абибуллаевқа сілтеме жасап. "2014 жылдың 11 наурызында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың РФ ресми сапары жоспарланып отыр. Аталған сапар аясында Қазақстан Президентінің Владимир Путинмен екі жақты кездесуі көзделген. Сапар шеңберінде саясат, мәдениет және сауда-экономика, екі жақты ынтымақтастық жөніндегі ахуал мен оның болашағы талқыланады", - деді Алтай Абибулаев. Сондай-ақ, сапар кезінде Н.Назарбаевтың Еуразиялық интеграция туралы тарихи лекциясының 20 жылдығына орай Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өтетін халықаралық конференцияда сөз сөйлеуі сапардың маңызды тармағы болмақ. "11 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басшыларының деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады деп жоспарланып отыр", - деп толықтырды Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram