Нұрсұлтан Назарбаев "Алғыс" орденімен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев "Алғыс" орденімен марапатталды © elbasy.kz

Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстанның Тұңғыш Президентін "Алғыс" орденімен марапаттап,  Елбасының елдегі дінаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Сіз елдің гүлденуі үшін көп еңбек еттіңіз. Бастысы - дінаралық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім. Бұл - адамдар ыңғайлы, жайлы, берекелі және жақсы өмір сүру үшін мемлекеттің дамуына мүмкіндік беретін тірек. Сізге көптеген адамның атынан алғыс айтамын. Сіз өз жүрегіңізді, бар күшіңізді туған жерге қызмет етуге арнадыңыз", - деді Астана және Қазақстан митрополиті.

Нұрсұлтан Назарбаев митрополит Александрға дінаралық және этносаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау ісіндегі қызметіне жоғары баға бергені үшін алғыс айтты.

"Тәуелсіздік алған күннен бастап біз барлық этнос арасында діни конфессиялардың толеранттылығын, достығы мен сенімін нығайтуды өз саясатымыз деп жарияладық. Тұрақтылық пен даму нақ осы бірлік пен достықта жатыр", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети