Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тұңғыш Президентті Алматы әуежайында жастар салтанатты түрде қарсы алды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тұңғыш Президентті Алматы әуежайында жастар салтанатты түрде қарсы алды.

Жастар ұйымының өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевты жастарға көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін, сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтты.

Екі мыңға жуық алматылық студент G-38 студенттік ұйымының қолдауымен Елбасын қолдарына гүл ұстап қарсы алды.

Ұшақ басқышынан түскен Нұрсұлтан Назарбаев жастар алдына барып, оларға тосын, жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.


© Tengrinews.kz

Еске салайық, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. 20 наурызда Қазақстан Президенті қызметіне Қасым-Жомарт Тоқаев кірісті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, "Нұр Отан" партиясының төрағасы және Конституциялық Кеңестің мүшесі болып қалады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети