09 қазан 2018 18:26

Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Жұмағалиевке тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Ақорда баспасөз қызметінен Сурет Ақорда баспасөз қызметінен

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Нью-Йорк және Лондон қалаларында өткен инвестициялық форумдардың қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Асқар Жұмағалиев әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін бірқатар панельді сессия өткізілгені жөнінде мәлімдеді. Бұл басқосуларда Қазақстандағы жекешелендіру үдерісі, экономиканың жекелеген секторларына инвестиция салу, Ұлы Жібек жолын жаңғырту, көлік логистикасын дамыту жайы, сондай-ақ цифрландырудағы инновацияның рөлі мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы мәселелер талқыланды. 

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Мемлекет басшысына инвестициялық форумдар аясында өткен екі жақты кездесулердің нәтижелерін баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети