Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңа мешітке барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңа мешітке барды Сурет Ақорда сайтынан

Барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы қарсаңында Мемлекет басшысы елордалық "Сарыарқа" ауданында орналасқан жаңа мешітке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы қарсаңында Мемлекет басшысы елордалық "Сарыарқа" ауданында орналасқан жаңа мешітке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне мешіттің салыну барысы, сондай-ақ осы ғимаратты электр қуатымен және жылумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері жөнінде мәлімделді.

Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан мешіттің құрылысы 2016 жылы басталды. Жаңа мешіт қайырымдылық мақсатпен жиналған қаражат есебінен тұрғызылды. Мешіт ғимараты дәстүрлі өрнектер мен декоративті элементтер қолданыла отырып, постмодернизм стилінде салынған. Негізгі ғимарат күрделі әрі жартылай сфералық нысанды елестетеді. Оның қабырғалары үшбұрыштана сүйірленіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасқан. Мешіттің сыртқы дизайны гүлді әрі алмастың қырларын еске салады.

Мешіттің басты ғимаратының солтүстік жағында орналасқан мұнараның биіктігі - 43,5 метр. Ол "қалам" - "қасиетті қауырсын" түрінде бой көтерген. Мешіт ғимаратының ауданы - 2248 шаршы метр. Орналасқан жердің ауданы - 1,44 гектар.

Жаңа мешітті энергия қуатымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері қажетті мөлшерден үш есе көп электр қуатын өндіреді. Жаңа мешіт 750 адамға лайықталған.


Суреттер Ақорда сайтынан

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети