"Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында ресейлік әйелден 50 оқ табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында ресейлік әйелден 50 оқ табылды © Тұрар Қазанғапов

Ресейлік азаматша 50 оқты заңсыз алып өткені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік азаматша 50 оқты заңсыз алып өткені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей азаматшасы Санкт-Петербургке ұшпақшы болып елордадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде өзімен бірге аң аулайтын қаруға арналған 50 оқ алып өтпекші болған. Олар тексеріс кезінде тәркіленді. Оқтар әйелдің сөмкесінде болған", - делінген хабарламада.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 сотының шешімімен әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") және 286-баптың 1 және 1-бөліктері бойынша ("Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы") айыпты деп танылды. 

Ресейлік азаматшаға 600 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 1 361 400 теңге айыппұл салынды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети