Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды Нұрсұлтан Назарбаев. ©РИА Новости

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар заңына қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар заңына қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Сонымен бірге Президент "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети