Нұрсұлтан Назарбаев Eni компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Eni компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті ©REUTERS

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Eni компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Eni компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Миланда өткен кездесуде компанияның Қазақстандағы қызметінің қазіргі мәселелері қарастырылды және оның елдегі мұнай-газ саласын бұдан әрі дамытуға қатысуының негізгі бағыттары талқыланды.

Тараптар сондай-ақ Қашаған кенішін игеру аясында тиянақты әрі үйлесімді жұмысты қамтамасыз етудің қажеттілігін атап өтті. Осыған дейін Қазақстан Үкіметінің Қашағанды 2016 жылдың соңында немесе 2017 жылдың басында қосуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен бірге Қазақстан-Италия бизнес форумына қатысты. Форумда "жалпы сомасы 500 миллион доллар болатын, ауыл шаруашылығы техникалары өндірісін, машина жасау, азық-түлік, тоқыма өнімдері салаларын, мұнай секторын және құрылыс салаларын қамтитын 20 құжатқа қол қойылды".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети