Мемлекет басшысы Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2015" көрмесіндегі Қазақстанның Ұлттық күнін ашу үшін Милан қаласына арнайы барды.

Кездесу барысында Астанада болатын халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Миландағы "ЭКСПО-2015" көрмесі Қазақстан тарапына тиісті тәжірибе алу тұрғысынан жақсы мүмкіндік беретінін атап айтты. "Астанадағы барлық нысандардың құрылысы уәде еткеніміздей 2016 жылдың соңына дейін аяқталады. Қаржыландыру қамтамасыз етілді, қажетті мердігерлік ұйымдар іске жұмылдырылды. Бүкіл жұмыс кестеге сәйкес жүзеге асырылуда, оның барысын жеке өзім бақылап отырмын", - деді Қазақстан Президенті.
Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевтың  "ЭКСПО-2017" жобасының қозғаушы күші екеніне және бұл жағдай оның табыстылығының кепілі болатынына назар аударды. "Дайындық тиісті деңгейде өтетініне және көрменің керемет болатынына шүбәсіз сенімдіміз", - деп атап өтті Лоссерталес.