© SkyscraperCity
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Өлі теңіз аймағындағы табиғат апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айрылған отбасылардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген жеделхатта.