20 қаңтар 2016 | 20:46

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Ол Ақордада Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Кеңеске премьер-министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин, Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов, Бас прокурор Асхат Дауылбаев және тағы да басқалар қатысты.

Шара кезінде Мемлекет басшысы депутаттардың Мәжіліске кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастамасына және барлық деңгейдегі мәслихаттарға кезекті сайлауларға байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады.

Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің депутаттарының Парламент Мәжілісінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа сайлауды бекіту туралы ұсынысының жан-жақты қаралғанын атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі шындықта шикізаттың бағасы төмен жағдайында өмір сүруді үйренудің, индустриализацияны, шағын және орта бизнесті дамытуды белсенді түрде жалғастырудің қажеттілігін атап өтті. 

"Қазіргі күрделі жағдайда көрпеге қарай көсіліп, қаражаттарды үнемдеп, жұмыс орындарын сақтап өмір сүрудің қажет екенін түсіну барлығымызға маңызды. Қазіргі жағдайда Үкімет пен Парламент бірлесіп, жинақталып жұмыс істеуі керек және жедел шаралар қабылдауы қажет. Халқымыз әрдайым бірігіп, қажет болған жағдайда осы бір күрделі кезеңдерде мүмкін болған барлық қиындықтарға төтеп беруі керек. Жағдайдың қиындағанына кінәлілерді іздеп, саясиландыруға тырысатындарға да төтеп беруі керек. Бұл ғаламдық процесс, оған бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстан әсер ете алмайды. Сондықтан барлығымыз бірігіп, бір-бірімізге көмектесуіміз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті бүгінде қоғамның қиындықтарға төтеп беруге дайын екендігіне тоқталды.

"Біз тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға созылған жолын лайықты түрде жүріп өттік. Біз бірлігі жарасқан халыққа айналдық, жасампаз еңбекпен өніп, әлемде құрметке лайық әрі сәтті мемлекет құрдық. Мен депутаттардың бастамасын Қазақстанның тағдырына алаңдаушылығымен көрсеткен патриоттығы деп қабылдаймын. Мәслихатқа кезекті сайлаумен қатар Мәжіліске кезектен тыс сайлауын өткізу уақытты да, қаржы ресурстарын да үнемдеуге мүмкіндік береді. Мемлекет мүддесіне аударған назары мен жоғарғы тарихи жауапкершілігін көрсеткені үшін депутаттарға алғысымды білдіремін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ел Конституциясының талабына сәйкес, Парламент Палаталарының төрағаларымен, Премьер-Министрмен және Конституциялық Кеңестің төрағасымен кеңестің өткізілгенін, оның қорытындысы бойынша депутаттардың бастамасын қолдауға шешім қабылданғанын атап өтті. 

"Билік өкілдерінің жаңаруы - ел мен халықтың мүддесі деп сенемін. Саяси партиялар сауатты, іскер және ел мүддесіне адал, күн тәртібіндегі тапсырмаларды түсіне алатын үміткерлерді ұсынуы керек. Бүгін мен Парламент Мәжілісінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойдым. Мәжіліске кезектен тыс сайлау 2016 жылдың 20 наурызына белгіленді", - деді Қазақстан Президенті. 

Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтан, қоғамның барлық әлеуметтік тобынан уақыттың еркімен жасалған шешімді қолдауын сұрады.

"Еліміздің болашағы үшін барлығыңызды сайлауға белсенді түрде қатысуға және бірлігіміз бен татулығымызды  көрсетуге шақырамын. Конституция кепілі ретінде мен Орталық сайлау комиссиясына және барлық мемлекеттік құзырлы органдарға алдағы сайлаулардың заңды, әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Сайлау кампаниялары және сайлаудың күрделі кезеңде ұлтты шоғырландыруға көмектеседі және біздің Қазақстанымызды дамудың жаңа белесіне шығарады деп сенемін", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети