Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының Бірлігі күнін мерекелеуге қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңда қала халқымен кездесіп, мерекелік концертке қатысты.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының Бірлігі күнін мерекелеуге қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңда қала халқымен кездесіп, мерекелік концертке қатысты.
Сондай-ақ Назарбаев әрқайсысында 2-3 этностық-мәдени бірлестіктер орналасқан, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, ұлттық киім үлгілері, музыкалық аспаптар, тұрмыс құралдары, қолөнер өндірісінің ескі бұйымдары қойылған, 10 шатырдан тұратын алаңды аралап шықты.
Назарбаев бірлікті Қазақстан мемлекетінің түпқазығы деп атады. "Егер отбасында бірлік болса, ол берік болады. Егер кәсіпорында бірлік болмаса, ол өркендемейді, ал егер мемлекетте бірлік болмаса, онда ол күйрейді. Сондықтан бірлік – бұл біздің мемлекеттігіміздің түпқазығы. Қазақстанда әр түрлі этностар тұрады, олардың бірлігі, бауырмалдығы тыныштығымыздың негізі. Адамдар тыныш, бейбіт және тату-тәтті өмір сүрсе – нағыз бақыт деген осы. Жеке-дара бақытты болу мүмкін емес, амандық пен береке мемлекеттің жалпы жағдайына байланысты. Сол себепті Қазақстанның қол жеткізген бірлігі мен ынтымағын бағалауымыз әрі оны балаларымызға сіңіруіміз керек", - деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстанда құрылып жатқан жалпы қоғамдық еңбек біріктіретін күш бола алатындығын да ескертіп өтті. "Егер адам қолымен жұмыс жасаса, онда ол – еңбекқор. Егер адам қолымен де, басымен де жұмыс жасаса, онда бұл – шеберлік. Егер адам қолымен де, басымен де, жүрегімен де жұмыс жасаса, ол – суретші. Еңбекпен келгеннің бәрі бақыт пен береке әкеледі. Біз бірге еңбек етеміз, елімізді дамытып, өмірімізді жақсартып жатырмыз. Осының арқасында біздің балаларымыз болашаққа үлкен сеніммен қарайды", - деді Президент Қазақстан халқының Бірлігі күні "Қазақ елі" алаңына жиналғандар алдында сөз сөйлеп тұрып.