Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Елбасының құттықтауы 4 қазан күні Президенттің "Ақорда" ресми сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Елбасының құттықтауы 4 қазан күні Президенттің "Ақорда" ресми сайтында жарияланды.
"Қымбатты отандастар! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Құрбан айт мерекесі ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгі адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі.
Біздің елімізде Құрбан айт мейрамын тойлау мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда елеулі орын алады.
Құрбан айт халықтың басқа да діни мерекелері сияқты қазақстандықтардың рухани өміріндегі, моральдық-адамгершілік қағидаларын нығайтудағы, қоғамның ауызбіршілігін бекітудегі маңызды оқиғаға айналды.
Қастерлі Құрбан айт мерекесі игіліктің, мейірімділіктің, кең пейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады.
Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде әрқашан бейбітшілік, бірлік және келісім болсын!
Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, сәттілік және амандық тілеймін!" делінеді Елбасының құттықтау сөзінде.
Құрбан айт - ислам әлемінің басты мерекелерінің бірі. Қазақстанда ол үш күн бойына - 4, 5 және 6 қазанда тойланады.