29 қыркүйек 2018 16:28

Нұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің даму жоспары таныстырылды.

Жоспарға сәйкес, танымдық және рухани туризм үшін қолайлы жағдай жасау көзделген. Осыған орай, әрбір турист музей аумағында орналасқан тарихи және айтулы орындарды аралап көре алады. 

Бірінші кезекте Түркістанның ежелгі қоныстарының бірі - Күлтөбе қаласы қайта жаңғыртылатын болады. Әбілмәмбет хан мен Тәуке ханның ордалары мен резиденциялары ортағасырлық мешітімен бірге және басқа да бірқатар нысан толық қайта қалпына келтіріледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети