Нұрсұлтан Назарбаев Лассина Зербомен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Лассина Зербомен кездесті © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бүгінгі кездесу Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні өтіп отырғанына тоқталып, бұл күнді белгілеуге Қазақстанның бастамашы болғанын айтты.

"Бәрі де 1991 жылғы 29 тамызда әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының жабылуынан басталған болатын. Содан кейін Невадада және басқа да полигондарда сынақтар тоқтатылды. Біз ядролық қару-жарақтан бас тарттық және соның арқасында антиядролық қозғалыс көшбасшыларының қатарына қосылдық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Лассина Зербо Қазақстан Президентімен кездесудің осы күні өтуінің символдық мәнін атап өтіп, өзі жетекшілік ететін ұйымның жер бетіндегі ядролық сынақтарға қарсы тұру және бейбітшілікті сақтау жолында күш жұмылдыра беретінін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы кездесу соңында Қазақстанның антиядролық бастамаларына үнемі атсалысып жүргені үшін Лассина Зербоға алғыс білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети