Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Металлург күнімен құттықтаймын! Бұл мейрам сіздерге деген құрметтің және ерен еңбектеріңізді мойындаудың символы саналады. Кезінде маған маңызды өмірлік тәжірибе берген, қайратымды шыңдаған және сенімді достар табуға септігін тигізген металлург кәсібін таңдағанымды мақтан етемін", - делінген Elbasy.kz сайтында жарияланған жеделхатта.
Назарбаевтың мәліметінше, бүгінде еліміздің кәсіпорындарында жоғары білікті мыңдаған металлург - еңбекқор, жауапкершілігі жоғары және мықты азаматтар жұмыс істеп жатыр. Солардың өз ісіне адалдығы мен шеберлігінің арқасында бүкіл еліміздің экономикалық өсімінің берік негізін қалыптастырды.
"Қазақстандағы металлургия саласы дамудың инновациялық жолына түсіп, өндірістік ұжымдарымызға болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Сіздер алдағы уақытта да тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жаңа кәсіби жетістіктерге ұмтылып, адал еңбек ететіндеріңізге сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, туған-туысқандарыңызға бақ-береке тілеймін!", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.