17 сәуір 2017 | 18:45

Нұрсұлтан Назарбаев Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы кездесуде партияның 2016 жылғы қызметінің қорытындылары жөніндегі есепті тыңдап, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпыұлттық күн тәртібіндегі маңызды аспектілерді іске асыру шаралары, сондай-ақ ел дамуының басты бағыттары жөнінде жұртшылықты хабардар ету мәселелері туралы баяндалды.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің мәліметі бойынша, 2015 жылмен салыстырғанда партия құрылымдарына арыз-шағыммен жүгінген азаматтар саны 30 пайызға артқан. 2016 жылы 283 мыңнан астам өтініш келіп түскен, қазір оның 92 пайызы оң шешімін тапты.

Сондай-ақ, Елбасыға партия өкілдерінің өңірлердегі жұртшылықпен кездесулерінің қорытындылары және күнделікті қызмет барысында қолданылатын партия жұмысының жаңа форматы жөнінде мәлімет берілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети