Нұрсұлтан Назарбаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевпен кездесу. ©Ақорда

Елбасы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Өмірзақ Шөкеев қордың қазіргі қызметі мен негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы қазіргі экономикалық жағдайда қордың тиімді әрі орнықты жұмыс істеуі маңызды екенін айтты.

"Еліміздің экспорттық тауарларына баға төмендеген кезеңде жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз еткен жөн. Осы орайда жоспарланған жекешелендіру, активтерді қайта құрылымдау бағдарламаларын, шығыстарды қысқартуды және табысты ұлғайтуды қамтитын шараларды сапалы жүзеге асыруды жалғастыру маңызды болып отыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Қордың 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын қайта қарауды, сондай-ақ дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды.

Өмірзақ Шөкеев өз кезегінде шығыстарды қысқартуға бағытталған, стратегиялық маңызы төмен бірқатар инвестициялық жобаларды тоқтатуды қамтитын шаралар туралы айтты. "Биыл біз өнімдеріміздің өзіндік құнын 7,8 пайызға, барлық ағымдағы және әкімшілік шығындарды 20 пайызға, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды 18 пайызға төмендетуді жоспарладық", -деді ол.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети