27 қазан 2016 | 17:38

Нұрсұлтан Назарбаев Өмірзақ Шөкеевпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

2016 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы  Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2016 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы  Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Шөкеев "Самұрық-Қазына" АҚ-ның осы жылдың 9 айы ішіндегі қызмет нәтижесі туралы хабардар етіп, Трансформация және Жекешелендіру бағдарламаларының іске асырылуы жайлы есеп берді.

Басқарма төрағасы өз баяндамасында 2016 жылдың 9 айы ішінде Қор тобында қол жеткізілген  қаржылық көрсеткіштерді атап өтті. Соның ішінде, алдын ала мәліметтер бойынша, Қор тобының жиынтық түсімі 3 триллион 927 миллиард теңгені, ТОП 12 қоржын компанияның салық төлегенге дейінгі операциялық табысы 405 миллиард теңгені құрап, 2015 жылғы ұқсас кезеңдегіден 297 пайыз және 114 пайызға жоғары нәтиже көрсеткен.

Қор тобының өндірістік көрсеткіштері негізінен жоспарға сәйкес: мұнай мен газ конденсатын өндіру 16,74 млн тонна, табиғи газ - 3,54 миллиард текше метр. "Қазақстан темір жолы" АҚ-дағы 2016 жылдың 9 айындағы жүк айналымы 136 млрд тонна-шақырым, жолаушылар тасымалы - 13,7 миллиард жолаушы-шақырым. "Қазатомөнеркәсіп" АҚ-ның уран өндіру көлемі 18,1 мың тонна болды.

2012 жыл мен 2016 жылдар арасында Қор айтарлықтай нәтижелерге және басты мәселелерді толықтай шешуге қол жеткізді. Құрылым мен қызметті трансформациялау, сондай-ақ Қор тобының ұзақмерзімді даму стратегиясы қарқын алды. Соның ішінде, операциялық ақшалай кіріс тиімділігі артты (EBITDA margin). Кірістің 2016 жылғы нәтижелері бойынша 2011 жылғы 16 пайыз деңгейден 22 пайызға артуы күтіліп отыр. Қордың сыртқы қарыз көрсеткіші 2016 жылғы 30 маусымдағы жағдайға сәйкес 16.8 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл 2010 жылғы сыртқы қарыздан анағұрлым төмен (БТА Банкті қайта құрылымдау мен ҚМГ қарызының азаюы есебінен 12 млрд. АҚШ долларына).

Жақында Қор жаңа стратегиялық міндеттерге, ЭЫДҰ-ның стандарттарына, озық әлемдік тәжірибелерге толықтай жауап беретін жаңа ұйымдық құрылымға көшті. Қызметтер деңгейі нақты бөлінді, лауазымдарға талап, оларды бағалау күшейтілді, қызметкерлерді жалдау, бағалау үдерісін ашық жүргізуге қол жеткізілді.

Нәтижесінде Қордағы кадрлық құрам 40 пайызға жаңарып, басқарушы директорлар 16-дан 9 адамға, қызметкерлер саны 15 пайызға қысқарды. Қор Директорлар кеңесі арқылы басқарылатын стратегиялық холдинг ретінде өз қызметінің басты көрсеткіштерін оң бағытта жаңартып, жақсартуды жоспарлы түрде жалғастырып жатыр. 

Сондай-ақ, Президентке Қордағы Жекешелендіру бағдарламасының іске асырылу жағдайы туралы хабарланды. Бағдарлама аясында жеке секторға Қор тобының 216 нысанын шығару көзделген. Бүгінгі таңда Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комииссиямен 133 активті жекешелендіру тәсілі келісілді, оның 39-ы қазірдің өзінде 7,4 миллиард теңгеге сатылды. Қазіргі уақытта, 2016-2020 жылдардағы Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, Қор өзге активтерді сатуға дайындау және сату жұмыстарына кірісіп кетті.

Үдемелі индустриялды-инновациялық дамудың екінші бағдарламасы аясында Қор 22 жобаның 11-ін іске асырып жатыр, оның жалпы құны 26 миллиард АҚШ долларын құрайды. Мұнайгаз, энергетика саласындағы ауқымды жобалардан өзге, Қор қара және түсті металлургия, мұнайгаз-химия және агрохимия сияқты басым секторлардағы жобаларды да іске қосуда. Кейбір нысандардағы жұмыс қызу жүргізілуде және оларда 2 мың жұмыс орны ашылған. Құрылыс кезінде 25 мыңнан артық, оны іске қосқаннан кейін 4 мыңнан артық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша Қор құны 2 миллиард АҚШ долларын құрайтын 7 жобаны іске асырып жатыр, онда құрылыс кезінде 6,5 мың жұмыс орны, іске қосылғаннан кейін 1,2 мың жұмыс орны ашылатын болады. Транзиттік әлеуетті арттыратын көліктік және логистикалық жобалар, сондай-ақ инфрақұрылымдық, энергетикалық жобалар да қарқынды жүзеге асырылып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети