10 маусым 2015 | 16:56

Нұрсұлтан Назарбаев Пан Ги Мунмен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Елбасы Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысын талқылады және ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын қарастырды. Қазақстан Президенті Бас хатшының съезд жұмысына қатысуы іс-шараның маңызын айтарлықтай арттыра түсетініне назар аударды.

"Сіз экономика мен саясатқа, конфессияаралық мәселелерге қатысты алмағайып кезең орын алған қазіргі шақтағы жұмысбастылығыңызға, БҰҰ-ның 70 жылдығына дайындық жұмыстары жүріп жатқанына қарамастан біздің елімізге келіп отырсыз. Сонымен қатар, сіз ядролық полигонды жабу жөніндегі бастамамызды қолдадыңыз. 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде атап өтіледі. Қазақстан бүгінгідей форумдар өткізу арқылы жер бетінде бейбітшілік орнату ісіне өз үлесін қосып келеді деп есептеймін", - деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Пан Ги Мун әлемдік діндер көшбасшылары жиналған осындай маңызды іс-шараға қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

"Сіздің көрегендігіңізді және қазір аса маңызды болып отырған осы Съезді шақыру жөніндегі бастамаңызды лайықты бағалауға тиіспін. Сіз бұл бастаманы 15 жыл бұрын, жағдай қазіргіден мүлде басқаша болған тұста көтердіңіз. Бүгінде бүкіл әлем діни экстремизмнен және лаңкестіктен зардап шегіп жатқанда өшпенділікке қарсы тұруға шақырған діни көшбасшылардың қатары көбейгені және үні баршаға жетерліктей болғаны қажет", - деді БҰҰ Бас хатшысы.

Айта кетейік, бүгін, 10 маусымда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті, оның басты тақырыбы ретінде "Бейбітшілік және даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы" болып белгіленді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев съезд жұмысына қатысты.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети