08 маусым 2017 14:20

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин қандай келісімге келді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қытай мен Қазақстан басшылары ынтымақтастық туралы бірқатар келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытай мен Қазақстан басшылары ынтымақтастық туралы бірқатар келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақордада екі ел арасында қол қойылған құжаттар арасында Қазақстанға тікелей инвестиция құятын қазақстандық-қытайлық Өндірістік қуат ынтымақтастығың қорының кей пайдасын салықтан босату туралы келісім болды.

"Бүгінгі келіссөздер барысында энергетикалық, көлік саласы, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ шекаралас суларды пайдалану, қауіпсіздік жүйесін күшейту, ғылыми-техникалық және кибер қауіпсіздік саласындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздерге қол қою қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты кезінде.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасында кино өндірісі, Қорғас өзеніне "Шұқырбұлақ (Алмалы)" ортақ су бөгетін салу, сондай-ақ суперкомпьютер мен зертхана құрылғыларын беру туралы келісім жасалды.

ҚР Қаржы министрлігі мен ҚХР-дің Мемлекеттік салық әкімшілігі салық мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумына қол қойды. ҚР ИДМ және ҚХР-дің Коммерция министрлігі көлік инфрақұрылымы саласы бойынша ынтымақтастықты күшейту туралы келісімге келді.


© Тұрар Қазанғапов

Сонымен бірге, Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын ұсақ мал етіне қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар, карантин және инспекция туралы протокол келісілді. "Қазақстан" ТРК" АҚ мен ҚХР-дің орталық телевизиясы арасында ықпалдастық, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен ҚХР-дің Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті арасында, ҚР Тұңғыш президентінің кітапханасы мен Қытайдың қоғамдық ғылым академиясы арасында меморандумдарға қол қойылды. 

"Бүгін біз көрмеде болып, телекөпірді бірге ашамыз. Стратегиялық бастамаларды біріктіру бойынша екіжақты жоспарды іске асыру екі ел үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Теңізге шығатын жолы жоқ біздің ел ҚХР көмегі арқылы Қытайдың шығысындағы Тынық мұхитына шыға алатын транзит ел болмақ", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети