Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Келімбетовті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Келімбетовті қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына "Астана" халықаралық қаржы орталығының қалыптасу барысы жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта бұл қаржы құрылымының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық құқықтық және ұйымдастырушылық база жасақталғанын атап өтті.

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қазақстан Президентінің АҚШ пен Қытайға биылғы ресми сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Келімбетовтің айтуы бойынша, "Астана" халықаралық қаржы орталығы жұмысқа кіріскен кезден бері өзін халықаралық аренада танытып үлгерді. Халықаралық рейтинг агенттіктерінің мәліметтеріне сәйкес, бұл орталық әлемдік 100 қаржы орталығының ішінде 61-орынға, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша 2-орынға ие болып отыр.

Сондай-ақ, кездесуде Мемлекет басшысына жекешелендіру және Қазақстан компанияларының акцияларын IPO-ға шығару үдерісінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасының мүмкіндіктерінің пайдаланылуы жөнінде мәлімделді.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети