Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Қожамжаровты қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Қожамжаровты қабылдады ©akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, - деп Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, - деп Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қожамжаров Президентке агенттіктің қазіргі қызметі және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мен саланы кәсібилендіру үшін қолға алынған шаралар туралы баяндады. 

"Назарбаев өткен жылы құрылған ведомствоның алдында мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бағытында маңызды міндеттер тұрғанына назар аударды. Мемлекет басшысы елдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығы үшін мемлекеттік аппараттың тиімділігін одан әрі арттырудың маңыздылығын атап өтті", - делінген Ақорданың сайтында.  

Агенттік төрағасы Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасында айтылған реформалардың алғашқы кезеңін бақылау мен бағалау қорытындылары туралы баяндады. Ол мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын арттыру, мемлекеттік қызметкерлер жұмысын бағалаудың сапалы әдісін енгізу, олардың білім жетілдіруі мен мотивациясы жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар айтты. 

Бұған қоса, жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы агенттіктің мемлекеттік қызметке өтудің барлық кезеңінде таланттарды бақылау қағидалары мен тетіктерін енгізу, жемқорлыққа қарсы ағарту сияқты жаңа бағыттары туралы мәлімет берді. Жемқорлыққа қарсы ағарту шеңберінде Білім және ғылым министрлігімен бірге білім берудің барлық деңгейінде барлық мақсатты топтар үшін жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелерін зерттеу қарастырылып отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети