Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі емтиханынан өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі емтиханынан өтті ©Тұрар Қазанғапов

Президенттікке ұсынылған Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді еркін меңгергені тексерілетін емтиханнан өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттікке ұсынылған Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді еркін меңгергені тексерілетін емтиханнан өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 

"Біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік тілді жетік меңгерген деген баға бердік", - деп мәлімдеді лингвистика комиссиясының басшысы Мырзатай Жолдасбеков журналистерге ОСК отырысының қорытындысы бойынша.

"Назарбаев үш кезеңнен өтті: "Біздің күшіміз - бірлікте" тақырыбында жазбаша жұмыс, онда бірде-бір қате жоқ, тамаша жазылған. Екінші тапсырма - Есенберлиннің шығармасын керемет оқып берді, үшінші тапсырма - бабалар даналығы туралы әңгіме. Комиссия бірауыздан кандидат Назарбаев қазақ тілін жоғары дәрежеде меңгерген деп бағаладық", - деді Жолдасбеков брифингте. Оның мәліметінше, Мемлекет басшысы мемлекеттік тіл емтиханын 1 сағат 20 минут ішінде тапсырған. 

Еске салайық, 11 наурыз күні "Нұр Отан" партиясының кезекті съезіне қатысушылар кезектен тыс президент сайлауына қазіргі Мемлекет басшысы - партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынған еді. Әр аймақтан барлығы 11 делегат сөз сөйледі, олардың арасында қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, ақын Ақұштап Бақтыгереева және басқалар бар.

Партияның XVI съезінің қорытындысы бойынша делегаттардың бірауыздан қабылданған шешімімен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде сайлауға түсуге ұсынылды. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети