Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Құрметті отандастар! 

Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт - исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам.

Сондай-ақ, ол - діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық.

Бұл күндері адамдар жақындарына ақ тілектерін арнап, игі істер жасауға ұмтылады.

Құрбан айт алуан түрлі конфессиялар мен этнос өкілдері тұратын Қазақстанда азаматтардың бойына ізгілік нәрін сеуіп, олардың ұстанатын діні мен ұлтына қарамастан, бір-бірін қадірлей білуге зор ықпал етеді. Сондай-ақ, рухани тұтастығымызды нығайтып, бірлігімізді бекіте түседі.

Осынау жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін!

Қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз сауаптан жазылсын!

Айт қабыл болсын!", - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети