Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Куба Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастромен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Куба Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастромен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықты сауда-экономикалық ықпалдастықты, білім, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыстарды кеңейту және саяси диалогты жалғастыру арқылы нығайту жолдарын талқылады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастро денсаулық сақтау, фармацевтика және биотехнология салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арнайы тоқталды. Осы салада қазақстандық және кубалық мамандардың тәжірибе алмасу қажеттілігі атап өтілді.
Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылады. "Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесін сайлау барысында Қазақстанның кандидатурасын Кубаның қолдауы тұрғысынан қол жеткен уағдаластыққа қанағаттанушылық білдірді", - дейді Ақорданың баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, Елбасы Кубаның ұлттық қаһарманы Хосе Марти мемориалына гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы рәсім аяқталған соң мемориал музейін аралап көріп, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
© Ақорданың баспасөз қызметі.