Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Сбербанк России" ААҚ президенті және басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Сбербанк России" ААҚ президенті және басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында банктің Қазақстандағы қызметінің мәселелері, сондай-ақ елдің қаржы секторы мен банк жүйесін одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
"Елбасы "Сбербанк" Қазақстан нарығында 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, осы уақыт ішінде республиканың жетекші қаржы-несие мекемелерінің біріне айналғанын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде көптеген елдер мен қаржы институттары қиындық көріп отырғанын, проблемаларды шешу жолдарын бірлесе күш-жігер жұмсау арқылы іздестірудің маңызды екенін атап өтті", - делінген Ақорда хабарламасында.
Герман Греф Қазақстан Президентіне банк саласын дамыту мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп отыратыны үшін ризашылық білдірді.
"Қазіргі дағдарыс бізге жұмысымызда нені жақсарту керектігін сезінуге мүмкіндік берді. Қиындықтарға қарамастан, банк қызметі былтырғыға қарағанда биыл айтарлықтай тұрақты болды. Жалпы, дағдарыс бізге таяу кезеңде елдегі жұмысымызға, атап айтқанда тәуекел менеджементін жетілдіру және соңғы технологияларды анықтау саласындағы қызметімізге біршама өзгерту енгізу қажеттігін айқын аңдатып отыр", деді Герман Греф.