Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Конфедерациясының Президенті Дидье Буркхальтермен кездесті, бұл туралы Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. Келіссөздер кезінде Қазақстан Президенті Дүниежүзілік экономикалық форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Мемлекет басшылары Қазақстан-Швейцария қарым-қатынасының негізгі аспектілерін және оны бұдан әрі дамыту перспективаларын қарастырды. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Дидье Буркхальтер екіжақты әрі халықаралық ұйымдар аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жоспарлы түрде нығайтылуына назар аударды. Қазақстан Президенті Швейцария еліміздің Еуропадағы негізгі сауда серіктесінің бірі болып саналатынын айтты. Республикамызда Algroup, Rieter және Glencore тәрізді ірі швейцариялық компаниялар жұмыс істеп жатыр. Тараптар Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясы одан әрі белсене қызмет жасауы қажеттігіне тоқталды. Кездесу қорытындысында мемлекет басшылары таяу келешекте екіжақты ынтымақтастықтың қарқыны арта түсетініне сенім білдірді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Конфедерациясының Президенті Дидье Буркхальтермен кездесті, бұл туралы Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Келіссөздер кезінде Қазақстан Президенті Дүниежүзілік экономикалық форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Мемлекет басшылары Қазақстан-Швейцария қарым-қатынасының негізгі аспектілерін және оны бұдан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.
Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дидье Буркхальтер екіжақты әрі халықаралық ұйымдар аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жоспарлы түрде нығайтылуына назар аударды.
Қазақстан Президенті Швейцария еліміздің Еуропадағы негізгі сауда серіктесінің бірі болып саналатынын айтты. Республикамызда Algroup, Rieter және Glencore тәрізді ірі швейцариялық компаниялар жұмыс істеп жатыр.
Тараптар Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясы одан әрі белсене қызмет жасауы қажеттігіне тоқталды.
Кездесу қорытындысында мемлекет басшылары таяу келешекте екіжақты ынтымақтастықтың қарқыны арта түсетініне сенім білдірді.