Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Azala Rextile ЖШС толық циклды өндіріс тоқыма кешеніне барды. Бұл кешен үй тоқыма өнімін шығарады.
"Бұрын барлығы шетелден келетін, енді барлығын өзімізде, осында дайындаймыз. Мемлекет мұндай кәсіпорындарды қолдайды. Алыптар керек емес, олар бүкіл әлемде жабылып жатыр, орта кәсіпорындарға қолдау білдіріп, соларды дамытамыз", - деді Назарбаев.
Бұдан кейін Назарбаев еліміздегі ірі "Химфарм" АҚ фармацефтикалық компаниясына барды. Зауыт дәрінің 200 түрін шығарады, өнімнің жалпы құны жылына 16,5 миллиард. Кәсіпорынның өнімі Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстан сияқты елдерге экспортталады.