Нұрсұлтан Назарбаев Сұлтан Оразалының (Оразалинов) отбасы мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаев Сұлтан Оразалының (Оразалинов) отбасы мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі жазушы, сыншы, тележурналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалының дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, делінген елбасы сайтындағы жеделхатта.
"Сұлтан Шәріпұлы бүкіл саналы ғұмырын әдебиет пен мәдениетке, әсіресе қазақ телевизиясы мен радиосының өркендеуіне арнады. Сонымен қатар егемендік жылдары бірқатар жауапты мемлекеттік қызметтерді де абыроймен атқарып, қаламгерлік пен қайраткерліктің тізгінін тең ұстаған талантты тұлға, майталман маман болатын. Оның қоғамдағы көкейкесті мәселелерді арқау етіп, әлеуметтік астарын аша білген айшықты авторлық бағдарламалары мен әдеби-мәдени хабарлары, танымдық телеқойылымдары, мазмұнды кітаптары қашанда өз құндылығын жоғалтпасы анық", - делінген жеделхатта.
Елбасы шебер ұйымдастырушы, сұңғыла сұхбатшы ретінде көпшіліктің ықыласына бөленген абзал азаматтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.
Бұған дейін, филолог ғалым Сұлтан Оразалы дүниеден озғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!