Нұрсұлтан Назарбаев суретші Кәміл Муллашевті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев суретші Кәміл Муллашевті қабылдады © akorda.kz

Елбасы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, суретші Кәміл Муллашевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, суретші Кәміл Муллашевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мәдениетінің, атап айтқанда, бейнелеу өнерінің қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды.

"Мемлекет басшысы отандық сурет өнерін дамытуға қосқан Муллашевтің елеулі үлесіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, суретшінің туындылары Қазақстанда ғана емес, таяу және алыс шетелдердің көрмелеріне де қойылған", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Қазақстан Президенті елдің дәстүрлі мәдени және рухани құндылықтарын сақтау мен бұдан әрі танымал ету қажеттігіне назар аударды. Муллашев өз кезегінде Мемлекет басшысына мәдениет пен өнерді дамыту мәселелеріне ұдайы қамқорлық пен жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтып, шығармашылық жоспарлары жөнінде әңгімеледі.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети