21 шілде 2015 | 17:03

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Реджеп Ердоғанға көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © РИА Новости Нұрсұлтан Назарбаев. © РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Реджеп Ердоғанға Суруч қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жеделхатта Мемлекет басшысының қайғылы оқиға салдарынан ондаған жазықсыз жанның қаза тапқаны және жүзден астам адамның жарақаттанғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті терроризмнің бүгінгі таңда адамзатқа ортақ қауіп-қатерге айналып отырғанына да тоқталған. Нұрсұлтан Назарбаев террорлық әрекеттің ұйымдастырушылары мен орындаушылары анықталып, қатаң жазаға тартылатынына сенімді екенін жеткізді.

Иконка комментария блок соц сети

Айта кетейік, жеделхат соңында Мемлекет басшысы бүкіл қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Түркия халқына көңіл айтып, жараланғандардың тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Еске сала кетейік, елдің Сириямен шекаралас маңындағы Суруч қаласындағы жарылыс 20 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 15.00-шамасында болған еді. Соңғы ақпарат бойынша, қаза болғандардың саны 31-ге, ал жарақат алғандар 100 адамға жетті. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Түркиядағы лаңкестікті 18 жастағы бойжеткен жасауы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети