12 сәуір 2016 17:37

Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Стамбул қаласына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Стамбул қаласына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сапар барысында Ислам ынтымақтастығы ұйымының ХІІІ саммитіне қатысады. Бұдан бөлек, Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен, түрік холдингтері мен компанияларының басшыларымен, сондай-ақ саммит аясында делегация жетекшілерімен кездесу өткізу жоспарланған. 

Осыған дейін Қазақстан Президенті Иранға ресми іссапармен барған еді. Оның аясында Тегеранда Иран Ислам Республикасының рухани көшбасшысы Әли Хаменеймен кездесті. Кездесу барысында екі ел ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Иран халықтарын ежелден қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және рухани қарым-қатынас байланыстыратынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети