01 шілде 2021 22:36

Нұрсұлтан Назарбаев Украина президентіне жасаған ұсынысы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина президентіне Ресеймен келіссөз үстеліне отыруды ұсынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина президентіне Ресеймен келіссөз үстеліне отыруды ұсынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Қазір осыған бола Украина Ресейден алшақтап кетті. Бірақ Донбаста, Қырымда болған барлық оқиға туралы қазір айтпай-ақ қояйық. Бірақ, менің ойымша, бәрі келіссөз арқылы шешілетін мәселе. Мен Украина президентіне: "кездесейік, келіссөз үстеліне отырайық", - дедім. Бірақ олар мұндай процеске әлі ерте екенін айтты. Мен Украинаны жақсы білемін және осындай екі жақын ел кенеттен осылай бөлінгені саясаткерлердің қатесі, халықтың емес", - деді Назарбаев "Штрихи к портрету" деректі фильмі аясында берген сұхбатында.

Сонымен қатар, елдің Тұңғыш Президенті тіпті әлемдік соғыстар келіссөзбен аяқталатынын атап өтті. Оның айтуынша, ең бастысы келіссөз үстеліне отыру.

"Егер осы тұрғыдан қарасақ, егер мәселені шешкіміз келсе, келіссөз үстеліне отыруымыз керек. Қазір Ресей де бұған көнбейді, өйткені президент халқытың пікірін ескереді. Оның үстіне Қырымда референдум болды, Ресейге қосылуға дауыс берді. Өте қиын сұрақ. Тек келіссөз бен ізгі ниет, өзара жеңілдіктер ғана Украина үшін де, Ресей үшін де оңайға соқпайтын бұл мәселені шеше алады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети