22 шілде 2019 | 16:46

Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен кімдер құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ktk.kz © Ktk.kz

Еlbasy.kz сайты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының атына Астана күніне және туған күніне орай келіп түскен хаттар мен жеделхаттарды жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Еlbasy.kz сайты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының атына Астана күніне және туған күніне орай келіп түскен хаттар мен жеделхаттарды жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен, дипломатиялық корпус және зиялы қауым өкілдерінен, діни бірлестіктердің көшбасшыларынан, мемлекеттік органдар мен коммерциялық кәсіпорындардың басшыларынан, сондай-ақ, көптеген қазақстандықтар мен шетел азаматтарынан кең ауқымды хаттар келіп түсті.

Шетел мемлекеттері мен үкіметтерінің жеделхаттарында Елбасының одақтастық және стратегиялық серіктестік қатынастарды дамыту ісіне сіңірген еңбегі, сондай-ақ бүкіл құрлықта тату көршілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі ерекше атап көрсетіледі. Мұндай жеделхаттар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннен, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтен, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековтен, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукошенкодан, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтен, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтен, Армения Республикасының Президенті Армен Саркисяннан, Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтен, Молдова Республикасының Президенті Игорь Додоннан, Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннан, Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведевтен, Армения премьер-министрі Никол Пашиняннан келді. Шетел мемлекеттері және үкіметтері басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оның Елорданы және бүкіл Қазақстанды қарқынды дамыту ісіндегі баға жетпес рөліне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы қызметіне мемлекетаралық және шетелдік ұйымдар мен құрылымдардың басшыларынан Астана күніне және туған күніне орай келген құттықтау хаттарда да жоғары баға берілген. Солардың қатарында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисян, ТМД атқарушы хатшысы - атқару комитетінің төрағасы С.Лебедев, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бас хатшысының міндетін атқарушы В.Семериков, Мемлекетаралық авиациялық комитет төрағасы Т.Анодина бар.  

Ресей Федерациясының, алыс-жақын шет елдердің мемлекет және қоғам қайраткерлерінен де ізгі тілекке толы көптеген құттықтау хат келіп түсті. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыру және дамыту ісіндегі тарихи рөлін өз хаттарында Татарстан Республикасының Президенті Р.Минниханов, Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы В.Матвиенко, Ресей Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының депутаты В.Ресин, Саратов облысының губернаторы В.Радаев, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Бусыгин, Башқұртстан Республикасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Р.Хабиров, Орынбор облысы губернаторының міндетін уақытша атқарушы Д.Паслер, Татарстанның Тұңғыш Президенті М.Шаймиев, Хорватияның бұрынғы Президенті С.Месич, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың бұрынғы бас хатшысы Т.Мансұров, Украинаның бұрынғы Президенті Л.Кучма, Каменское қаласының басшысы А.Белоусов, Гагаузия автономды аумақтық құрылымның басшысы И.Влах, Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясының бас хатшысы П.Щербаков, "МИР" мемлекетаралық телерадио компаниясының басшысы Р.Батыршин, "ТАСС" ақпарат агенттігінің бас директоры С.Михайлов, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі А.Цой атап өтті.   

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақстандық және шетелдік іскер топтар өкілдерінен жолданған құттықтау хаттарда айтулы экономикалық жетістіктер ғана емес, сонымен бірге оң өзгерістер жолында Қазақстан халқын жұмылдырып, қоғамдық келісімге негізделе жүргізілген тиімді саясат туралы айтылған. Елбасының туған күніне және Астана күніне байланысты өз құттықтауларын "ERG" компаниясының құрылтайшылары А.Машкевич, П.Шодиев және А.Ибрагимов, "Kegoc" АҚ басқармасының төрағасы Б.Қажиев, "KazzincHoldings" ЖШС-і директорлар кеңесінің төрағасы Н.Попович, "MabetexGroup" компаниясының президенті А.Паколли, "ArcelorMittal" АҚ бас директоры П.Калон, "AccessIndustriesCIS" компаниясының басшылары Л.Блаватник, С.Карпухович, "АРЕТИ" халықаралық компаниялар тобының президенті И.Макаров, "Газпром" ЖАҚ басқармасының төрағасы А.Миллер, "Газпром нефть" ЖАҚ басқармасының төрағасы А.Дюков, "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры А.Лихачев, "Сбербанк" ЖАҚ басқармасының төрағасы Г.Греф, "Банк ВТБ" ЖАҚ басқармасының төрағасы А.Костин, "Роснефть" компаниясының бұрынғы басшысы С.Вайншток, "Роснано" АҚ басшысы А.Чубайс жолдады.

"Эни" компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци өзінің құттықтау хатында: "Бұл - Қазақстан Республикасы үшін ерекше күн. Сіз өзіңіздің бүкіл кәсіби өміріңізді өз еліңізге қызмет етуге арнадыңыз. Сіздің көшбасшылығыңыздың және көрегендігіңіздің арқасында Қазақстан экономикалық өсімнің жаңа жолдарын табу және халықаралық тұрғыдан танылу ісінде зор жетістікке жетті", - деп жазған.

Елбасының атына жолданған көптеген құттықтаулар еліміздегі орталық мемлекеттік органдардың басшыларынан, облыстардың әкімдерінен, депутаттық және дипломатиялық корпус өкілдерінен, ұлттық компаниялар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларынан келіп түсті.

"Халық қаһарманы", армия генералы, "Қарулы Күштердің ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы М.Алтынбаев өзінің құттықтау жеделхатында Елбасының Қазақстанды және халқымызды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дәйекті дамыту ісіне сіңірген еңбегін ерекше атап өткен.   

Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне және Астана күніне орай Бас мүфти Серікбай қажы Ораздан, Қазақстандағы Православ шіркеуінің басшысы әрі Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдан, Орал және Ақтөбе Архиепископы Антонийден құттықтау хаттар келді.

"Сізді Қазақстанда және бүкіл әлемде өмірін Отанына қызмет етуге арнаған дана саясаткер және аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде біледі. Республиканың саяси, экономикалық және мәдени әлеуетінің артуы - Сіздің ерен еңбегіңіздің жемісі. Сіз көп жыл бойы абыроймен адал қызмет еттіңіз.

Сіз Қазақстан халқының шынайы сүйіспеншілігі мен сеніміне ие болдыңыз. Халық Сізді толық қолдайды әрі Сіздің бейбіт өмір мен тұрақтылықты нығайтуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және қоғам өміріндегі дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды орнықтыруға бағытталған саясатыңызды жалғастырады", - делінген митрополиттің жеделхатында.

Қуатты Қазақстан қол жеткізген жетістіктердің Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екендігі білім және ғылым саласының қайраткерлерінен және мекемелерінен келген хаттарда айтылған. Солардың ішінде академиктер С.Қирабаев пен Ә.Бейсенова, Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Мұсақожаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Т.Балықбаев, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры М.Ибатов, Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті Е.Мамбетказиев, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры М.Өтеубаев бар.

Еліміздің және шетелдің азаматтарынан да ізгі тілекке толы көптеген құттықтау хаттар келді. Атап айтқанда, жылы лебіздерін Хасанғалиевтер отбасы, Батыс Қазақстан облысының еңбек ардагерлері және Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Ж.Ақбай, А.Бақтыгереева, Н.Есқалиев, С.Качало, А.Есенғалиев, Д.Саратов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Рогалевтер отбасы, С.Есімбай, Алматы қаласының тұрғындары Т.Әбдікенов, С.Үсенов, Шымкент қаласының тұрғыны Б.Бектуреев, Талдықорған қаласының тұрғындары В.Буков, С.Большакова, Өскемен қаласының тұрғыны О.Видова, Минск қаласының тұрғыны В.Ивановский, Қазақстанның менеджмент, экономика және болжамдау институтының студенті А.Айтқожина жеткізген.

Нұрсұлтан Назарбаев өз атына келіп түскен хаттармен танысып шығып, барлық авторларға жылы лебіздері мен құттықтаулары үшін ризашылығын білдіреді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети