Нұрсұлтан Назарбаевтың киімдері қай жерде тігіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаевтың киімдері қай жерде тігіледі Мемлекет басшысы Қазақстанда өндірілген костюмдерді киетінін мәлімдеді

Алматылық "Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы" ЖШС кәсіпорны Мемлекет басшысының тағы бір тапсырысын орындады, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық "Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы" ЖШС кәсіпорны Мемлекет басшысының тағы бір тапсырысын орындады, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Кәсіпорын екі жаңа костюм, бес жейде мен екі аяқ киімді Астанаға жолдады. Өндірушілердің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған киімдердің барлығы Президенттің анатомиялық өзгешелігі есебінен жеке тапсырыс бойынша тігіледі. Пенжектер мен шалбарлар үшін ең сапалы маталар таңдалып, арнайы сызбаүлгісі жасалады. Өндірушілер ресми кездесулерге арналған бір костюмді тігуге 1000 долларға жуық қаржы кететінін мойындады. Нұрсұлтан Назарбаев киетін классикалық үлгідегі, 42-өлшемдегі аяқ киімдер де осы жерде тігіледі.

Айта кетейік, аяқ киімдер қолмен тігіледі. Бірінші үлгі "Оксфорд" стилінде тігілді - бұл бәтеңкелер бауының байлануының жабықтығымен ерекшеленеді. Екінші үлгі - ''Лофер", баусыз аяқ киім. Оны ресми деп атауға аса келмесе де, іскерлік костюмдермен жақсы үйлеседі. Модельердің айтуынша, Президентке арналған аяқ киімдер барынша ыңғайлы әрі жеңіл етіп жасалады, табаны жұмсақ және иілгіш болады. Мемлекет басшысына арналған Made in Kazakhstan жаңа гардеробын жасауға бірнеше күн ғана кетіпті.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Назарбаевқа костюм тіккен дизайнер Айжани Нұрланова оның бағасын айтты

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети