Нұртай Әбіқаев жаңа қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұртай Әбіқаев жаңа қызметке келді © Tengrinews.kz.

Нұртай Әбіқаев "Отандастар қоры" АҚ президенті болып сайланды. Бұл мәліметті ұйым өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұртай Әбіқаев "Отандастар қоры" АҚ президенті болып сайланды. Бұл мәліметті ұйым өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев былтыр қазақтардың V дүниежүзілік құрылтайы кезінде "Отандастар" қорын құруды тапсырған болатын. 

"Біз Солтүстік Кавказдан адамдарды қабылдадық, оларға есігімізді аштық. Неге біз өзіміздің қазақтарды бөлуіміз қажет? Сондықтан мен бизнесмендерді осыған үлес қосуға шақырамын. Құрылтай басшылығы, Президент әкімшілігі және үкіметтегілерге жоғарыда айтып өткен қорды құруды тапсырамын", - деген еді Мемлекет басшысы.

Нұртай Абықайұлы Әбіқаев 1947 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.

1970 жылы Кеңес Әскерінің қатарында қызмет еткен. 1972 жылдан  Алматы ауыр машина жасау зауытының аға инженері, инженер-конструкторы. 1976 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Алматы қаласы Әуезов аудандық комитеті партиялық-ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1977 жылдан - өнеркәсіп-көлік бөлімінің нұсқаушысы, 1978 жылы өнеркәсіп-көлік бөлімінің меңгерушісі, 1980 жылы Қазақстан Компартиясы ОК ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бөлімінің нұсқаушысы. 1984 жылы Қазақстан Компартиясы ОК хатшысының көмекшісі қызметтерінде болған. 

Сондай-ақ, Нұртай Әбіқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінде болды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети