Нұртас Адамбаев Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарына арналған киімін мазақ қылды

Нұртас Адамбаев Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарына арналған киімін мазақ қылды Нұртас Адамбаев Сабина келін ролінде. © instagram.com/nurtasadambay

Қазақстандық актер әрі режиссер Нұртас Адамбаев таяуда Астанада таныстырылған Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарына арналған киімін мазақ етті. Шоумен Instagram желісіндегі парақшасына суреттерді жариялап, мынадай жазба қалдырды: "Құраманың демеушісі - барахолка!)".

Тағы бір суретке ол былай деп жазды: "Құраманың Олимпиада ойындарына арналған киімінің атауы)".

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, шоуменді қолдап жазған пікір қалдырушылар аз болған жоқ. "Мен бұл 90-жылдары түсірілген сурет екен деп ойладым, бұл біздің құрама екен ғой", - деп жазды madisha_bk.

"Киім қандай болса, нәтиже сондай", - деп есептейді amigos911. 

"Халықтың сыны киімді жасап шығарушыларға жетсе екен, бәлкім, киімнің жағдайы өзгерер ме еді", - деп пайымдады maiya_u. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық дизайнерлер Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарына арналған киіміне қатысты пікір айтқан болатын. Мәселен, модельер Сәкен Жақсыбековтің ойынша, Олимпиадаға киіп шығатын форма Қазақстан құрамасының ұлттық ерекшеліктерін толық ашпайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама