Нұржан Өркешбаевтың үйлену тойына 500 адам қонақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұржан Өркешбаевтың үйлену тойына 500 адам қонақ болды © Tengrinews.kz

Ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаев 7 тамызда үйленді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаев 7 тамызда үйленді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

Той Нұржанның туған жері Атырау облысындағы Мұқыр ауылында болды. Тойға 500 адам қатысты, алайда танымал қонақтар болмапты. Күйеу жігіттің айтуынша, үйлену тойы жақсы деңгейде өткен.

 

©Асылбек Султанов.

 

©Жақсылық Багытов.

Айта кетейік, Нұржан өзінің тойына Ресейдің танымал тележүргізушісі Андрей Малаховты шақырған болатын.

Ал осының алдында Нұржан Өркешбаевтың үйленетіні туралы ақпарат шыққан еді. Сонымен қатар, Facebook әлеуметтік желіде үйлену тойына шақыру билетінің суреті жарияланды. Нұржан Өркешбаевтың қалыңдығының есімі - Әсемгүл. 

Еске сала кетейік, 2011 жылдың соңында Нұржан бірнеше пластикалық ота жасатты. Осының нәтижесінде ол ондаған жылға жасарды. Ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаевқа ота жасаған 30 жастағы хирург Болат Байыровтың айтуынша, Нұржан Қазақстандағы прогерияға шалдыққан жалғыз адам. Кейін Өркешбаев Атыраудағы "Нұрсая" ықшамауданынан бір бөлмелі пәтер алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети