"Нұсқауларды орындап отырған". Қазақстанда шетелдік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұсқауларды орындап отырған". Қазақстанда шетелдік ұсталды Фото: depositphotos.com

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев елдегі телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев елдегі телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13-15 тамыз аралығында республика аумағында Anti-fraud жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Алматыда ЖПС аясында көрші мемлекеттің 24 жастағы азаматы ұсталды. Пәтерлердің бірінде SIM-box құрылғысын орнатып, ол Қазақстан аумағында алаяқтық қоңырау қызметтерін ұсынды.

"Семейде жалдамалы пәтерде виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған GSM-box аппаратурасын ұялы байланыс желілеріне қосқан шетелдік ұсталды. 22 жастағы жігіт куратордан Telegram-арна арқылы алған нұсқауларын орындады", - деді Алексеев.

Жедел-профилактикалық іс-шара өткізу кезеңінде республиканың үш қаласында барлығы 4 SIM-box құрылғысы және байланыс операторларының 6 мыңға жуық SIM-картасы жойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети