Нығматулин Назарбаевтың рақымшылық жасау туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нығматулин Назарбаевтың рақымшылық жасау туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді © Тұрар Қазанғапов

Нұрлан Нығматулин Президенттің рақымшылық жасау туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Нығматулин Президенттің рақымшылық жасау туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Президенттің енгізген "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын мақұлдады.

"Мемлекет басшысының рақымшылық жасау туралы ұсынысы гуманизм мен рақымшылық актісі, ел Президенті білдірген ниет заңды бұзған азаматтарымызға деген сенім", - деп атап өтті Нығматулин.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Елбасы бастамашылық еткен заң жобасы негізінен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ болмашы және ауыр емес қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босатуды көздейді.

Сотталғандардың басқа да санаттарына қатысты рақымшылық олардың жасаған әрекетінің жеңіл-ауырлығын ескеріп, шектелген ауқымда және жіктелген түрде, сондай-ақ келтірген шығынды толық өтеген жағдайда қолданылады. Сондай-ақ, заң жобасы аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасауға тыйым салады, бұл қылмыстық жағдайды қиындату қаупіне жол бермейді.

Заң жобасының негізгі мәселелелерін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттарға ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов баяндады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети