Нығматулин жауапты хатшылармен апта сайын кездесетін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нығматулин жауапты хатшылармен апта сайын кездесетін болады Нұрлан Нығматулин. ©M-astana.kz

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин апта сайын министрліктердің жауапты хатшыларымен кездесіп отыратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин апта сайын министрліктердің жауапты хатшыларымен кездесіп отыратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"Орталық атқарушы органдар қызметінің түрлі мәселелерін талқылау мен шешу мақсатында Президент Әкімшілігі жетекшісінің жауапты хатшылармен апта сайынғы кездесуін тәжірибеге енгізу туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Ақордада Президент Әкімшілігі жетекшісінің министрліктер мен агенттіктердің жауапты хатшыларымен кездесуі барысында мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау, мемлекеттік қызмет көрсету, бюджет қаражатын игеру, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету салаларындағы жұмысының негізгі мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты хатшыларға мемлекеттік аппарат жұмысын тұрақты әрі тиімді қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Нұрлан Нығматулиннің ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі болып 3 сәуірде тағайындалғанын еске сала кетейік. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети