Нығматулин алатаяққа салынған тыйым туралы әзілдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нығматулин алатаяққа салынған тыйым туралы әзілдеді © Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан полицейлеріне алатаяқты қолдануға салынған тыйымға қатысты әзілдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан полицейлеріне алатаяқты қолдануға салынған тыйымға қатысты әзілдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Барлық комитетте талқыланды. Қанат Сергеевич (Мәжіліс депутаты Мусин) айтқан барлық нормалар Ішкі істер министрлігімен біріге жасалған. Өте күрделі тақырып, барлығымыз жол қозғалысына қатыстымыз. Бізде үш салада маман жеткілікті: футболда, саясат пен жол қозғалысында", - дейді Нығматулин. 

Ол алатаяқты қолдануға тыйым салынғалы Қазақстан азаматтары арасында дау туғанын атап өтті. 

"Сондықтан одан ешқайда кете алмаймыз, алатаяққа тыйым салынғалы осындай дау жүріп жатыр. (...) Қазір бұған қатысты: "Бұрын жол полициясына бойдың ұзындығына қарап алушы еді, қазір қолының ұзындығына қарайды, қолы алыстан көріну үшін" деп әзілдеп жатыр", - дейді Мәжіліс төрағасы. 

Еске салайық, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов жол қозғалысын реттеушілерге алатаяқты қайтару мәселесін қарастыратындығын айтқан. 

Ал ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха жол қозғалысын реттеушілерге алатаяқты қайтару керектігін аййтты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети